Ел қоржынында 9 медаль: Қазақстан Азия чемпионатында үздік үштікке ене алмады

09:34, 30 маусым 2026

© Сурет: uww

27-29 маусым аралығында Таиландтың Паттайя қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы да бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық балуандардың нәтижесі мынадай болды:

  • 38 келі – Дамир Салават – қола медаль.
  • 41 келі – Мирас Әбдікәрім – алтын медаль.
  • 44 келі – Бектөре Заманбек – күміс медаль.
  • 48 келі – Әмір Серік – күміс медаль.
  • 52 келі – Мадияр Әбдікәрімов – қола медаль.
  • 57 келі – Бибарыс Түзелбаев – қола медаль.
  • 68 келі – Наиль Зейналов – күміс медаль.
  • 75 келі – Ерсұлтан Сүлеймен – күміс медаль.
  • 85 келі – Зелимхан Цицкиев – қола медаль.

Жалпыкомандалық медаль есебі:

  1. Үндістан: 4 алтын, 1 күміс, 3 қола.
  2. Жапония: 2 алтын, 2 күміс, 4 қола.
  3. Тәжікстан: 2 алтын, 0 күміс, 0 қола.
  4. Қазақстан: 1 алтын, 4 күміс, 4 қола.
  5. Өзбекстан: 1 алтын, 2 күміс, 2 қола.
  6. Түрікменстан: 0 алтын, 1 күміс, 0 қола.
  7. Қырғызстан: 0 алтын, 0 күміс, 6 қола.
  8. Моңғолия: 0 алтын, 0 күміс, 1 қола.

Бұған дейін Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!