Алматыдағы Тастақ шағынауданында екі көше біржақты қозғалысқа көшті
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматының Алмалы ауданындағы Тастақ шағынауданында екі көшеде біржақты қозғалыс енгізілді.
Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, 30 маусымнан бастап Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық жобасы іске қосылды.
Жаңа схемаға сәйкес:
- Қарасай батыр көшесінде Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс батыс бағытында ғана жүзеге асырылады;
- Құлыымбетов көшесінде Варламов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шығыс бағытында ұйымдастырылды.
Басқарма мәліметінше, өзгерістер Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
"Бұл шаралар көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайлардың санын қысқартуға бағытталған. Шешім көлік жағдайын талдау нәтижелері мен тұрғындардың өтініштері ескеріле отырып қабылданды", – деп хабарлады басқарма.
Мамандардың айтуынша, жаңа қозғалыс схемасы көлік ағынын реттеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Жасыл базар маңындағы бірнеше көшеде, сондай-ақ Прокофьев, Кіші Абай, Тұркебаев, Уәлиханов, Жуков және Манаев көшелерінің жекелеген учаскелерінде де біржақты қозғалыс енгізілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:02, 30 маусым 2026
Парагвай президенті Германияны жеңгеннен кейін елде демалыс күнін жариялады
-
11:54, 30 маусым 2026
АМӨЗ-дегі жөндеу жұмыстары Қазақстандағы жанармай қорына әсер ете ме
-
11:43, 30 маусым 2026
Астанада блогер Justice Adilet-тің не үшін полицияға жеткізілгені белгілі болды
-
11:34, 30 маусым 2026
Көру қабілетінен айрылған Жаңа Зеландия тұрғыны басын соғып алып, күтпеген жерден жанарын қалпына келтірді
-
11:30, 30 маусым 2026
Қазақстандағы пластикалық хирургия клиникалары жаппай тексеріледі





