БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді

11:26, 30 маусым 2026

© Сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының 110 жылдық тарихы бар. Жаңадан салынған нысан салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, БҚО мәслихат депутатары, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жайлаубай Серғали, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген қатысты.

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:26

Сурет: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған жобаның маңызына тоқталды.

"Президент тапсырмасына сәйкес біз негізгі көлік нысандарын жаңарту бойынша кешенді жұмысты аяқтай келдік. Бұл жолаушылардың жағдайын жақсартып қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасының дамуына да септігін тигізеді",- деді Нариман Төреғалиев.
БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:26

Сурет: БҚО әкімдігі

Семиглавый Мар бекеті арқылы күніне 2 пойыз қатынайды. Станция салынғалы жібі түзу жөндеу көрген жоқ. Маңызды нысанның жаңғыртылуы жолаушылар үшін жайлы жағдай жасап қана қоймай, облыс экономикасы мен логистикасын дамытуға тың серпін береді.

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:26

Сурет: БҚО әкімдігі

Жоба аясында станция сүріліп, жаңадан салынды. Заманауи күту залдары жасақталып, жаңартылған навигация және ақпараттандыру жүйелері орнатылды. Ғимараттың сәулеті қазіргі заманға лайықталып, айналасы абаттандырылды.

БҚО-да Семиглавый Мар станциясы пайдалануға берілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 11:26

Сурет: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, былтыр өңірде 419 мың жолаушы пойызбен қатынаған. Теміржол арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!