Алматының Бас жоспары: қоғамдық тыңдауда көгалдандыруға басымдық берілді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда Бас жоспарға енгізілетін түзетулердің стратегиялық экологиялық бағалауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр.
Тыңдау барысында тұрғындардың бірі құжат әзірлеушілерден қаланы көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстарға жүргізілген талдаудың нақты нәтижесін ұсынуды сұрады. Оның айтуынша, қала тұрғындарын Алматының жасыл қорының қазіргі жай-күйі мен оның ауа сапасына ықпалы туралы объективті бағалау қызықтырады.
Бұл сұраққа PhD докторы, белгілі қазақстандық биотехнолог-ғалым Гүлнұр Жүнісова жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі ахуалға жан-жақты талдау жасалған. Қазіргі таңда Алматыдағы бір тұрғынға шаққандағы жасыл желекпен қамтамасыз ету деңгейі шамамен 5 шаршы метр. Бұл белгіленген нормативтен едәуір төмен. Ал межелі көрсеткіш – бір адамға шаққанда 16 шаршы метр.
Сарапшының айтуынша, нормативтік есептеу кезінде кейбір табиғи аумақтар қаланың көгалдандыру жүйесінің құрамына енгізілмейді. Сондықтан олар жалпы статистикалық көрсеткіште есепке алынбайды.
"Белгіленген межеге қол жеткізу үшін Бас жоспарда жасыл желек көлемін едәуір ұлғайту көзделген. Осы мақсатта жыл сайын 10 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр. Бұл ретте жергілікті табиғи жағдайға бейімделген өсімдік түрлеріне басымдық беріледі", – деді спикер.
Гүлнұр Жүнісованың айтуынша, мұндай тәсіл қаланың көгалдандыру деңгейін арттырып қана қоймай, қала экожүйесінің жағдайын жақсартуға, биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және қаладағы құстар мен жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қаладағы жасыл белдеуді өзен жағалауларын көгалдандыру және жасыл желек алқаптарын ұлғайту арқылы дамыту жоспарланған. Жоспарда Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының айналасында қорғау аймағын белгілеу, тұрғындар жиі баратын шатқалдардағы демалыс жүктемені реттеу, сондай-ақ сирек кездесетін жануарлар түрлеріне мониторинг жүргізу бағдарламаларын кеңейту көзделген. Экологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында Бас жоспарда табиғи аумақтар арасындағы жануарлардың еркін қоныс аударуына мүмкіндік беретін экологиялық дәліздер жүйесін құру да қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:46, 30 маусым 2026
Жасанды интеллектіні экономиканың барлық негізгі саласына енгізу керек – Тоқаев
-
13:39, 30 маусым 2026
Тоқаев: «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасы әлемдік BigTech компанияларын тартуы тиіс
-
13:34, 30 маусым 2026
Президент Цифрлық Қазақстанды құрудың негізгі алғышартын атады
-
13:33, 30 маусым 2026
Президент: Халық Кеңесі мәслихаттар, қоғамдық кеңестер, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін біріктіреді
-
13:31, 30 маусым 2026
Энергетика мен инфрақұрылымды жаңғыртуға биыл 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді - Қасым-Жомарт Тоқаев





