Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді
![](https://mail.kz/images/c61937a7db1a3297b86adc6d0f937872-slider.jpg)
© Сурет: pexels
Астанада 16 елдің мемлекет басшылары мен үкімет мүшелері бас қосады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы және көптеген ірі халықаралық ұйым жетекшілері де келеді.
Осыған орай, бас қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Астанаға кіретін жолдарға блок бекеттер орнатылып, полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Дегенмен, қалаға кіріп-шығуға ешқандай кедергі жоқ.
Бірақ елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. 15 маршруттың қозғалысы өзгерді. Қоғамдық көліктер әдеттегідей таңғы 06:00-ден 23:30-ға дейін жүреді.
Ал электр самокаттармен 5-шілдеге дейін жүруге рұқсат жоқ. Астана әуежайы тәулік бойы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Тұрақты рейстердің ұшуына кедергі жоқ.
Теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 3-4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жұмыс істемейді. Бүгіннен бастап 4 шілдеге дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы қызметкерлердің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұдан бөлек, еліміздің 4 қаласында террористік қауіптің "сары" деңгейі енгізілді.
Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола мен Қарағанды облыстарында саммитке қатысушылар жүретін жолдарға шектеу қойылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Стратегиялық нысандар мен қоғамдық орындарда күзет күшейді. Негізі мұндай ауқымды жиын кезінде қауіпсіздік шараларды күшейту, тек Қазақстанда ғана емес, әлемде бар тәжірибе.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:41, 5 шілде 2024
Елордада полицейлер өзгенің велосипедін қолды қылған ер адамды анықтады
-
18:27, 5 шілде 2024
Жаркентте бес адам өзеннің ортасына дейін өтіп, өз бетінше жағаға орала алмаған
-
18:09, 5 шілде 2024
Желіде футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы тарады
-
17:52, 5 шілде 2024
Қоғамдық басымдықтар: отбасы, жұмыс және қауіпсіздік - ҚСЗИ сауалнамасы
-
17:44, 5 шілде 2024
Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты