Астанада қозғалысы шектелген қоғамдық көліктердің бағдар кестесі қайта қалпына келтіріледі

22:50, 4 шілде 2024

© Сурет: City Transportation Systems

Астана Шанхай ынтымақтастығы саммитінің өтуіне байланысты қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілген қоғамдық көліктердің бекітілген жүріс кестесі қайта қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлады.


"Ертең, 5 шілдеде ШЫҰ саммиті аясында қозғалысы шектелген бағдарлардың бағыты бекітілген қозғалыс сызбаларына сәйкес қалпына келтіріледі", делінген хабарламада.

Астанада бірқатар автобустардың жүріс бағытына өзгерістер енгізілген болатын. Мәселен, 4 шілдеде №№ 3, 4, 4А, 14, 19, 21, 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгерді. Бұл шара Тәуелсіздік даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу шаралары жүргізілуіне байланысты қабылданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!