Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

17:44, 5 шілде 2024

© Сурет: olympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченді 4:2 есебімен жеңді.

Оның келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн.

Жастар арасындағы Азия біріншілігі Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!