Қазығұрт шыңына шығып алып, өздігінен төменге түсе алмаған қария құтқарылды

22:31, 4 шілде 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында 66 жастағы ер адам еш дайындықсыз Қазығұрт шыңын бағындыруға бел шеше кірісіп, ақырында биікте өзі жалғыз қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз бетінше төменге түсе алмаған қарияға Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келді.

"Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 66 жастағы турист таудан аман-есен түсіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқару, Түркістан облысы, Қазығұрт шыңы, зейнеткер, қария , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 22:31

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысында таулы аймақтарда су тасуы мүмкін екені ескертілген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!