Желіде футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы тарады

18:09, 5 шілде 2024

© Сурет: видео скрині

Футбол матчының көрерменін жаңбырдан бүркеп тұрған полицейдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семейдегі "Спартак" стадионында нөсер жаңбырдан мүгедек арбасындағы ер адамды қолындағы жабындымен бүркеп тұрған полицейді көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған.

Бейнероликтің бас кейіпкері футбол матчында қоғамдық тәртіпті күзетіп тұрған ЖҚАЖ арнайы бөлімінің жауынгері болып шықты.

Ол қайырымды іс жасап, бір адамға көмегі тигеніне қуанатынын айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!