Елордада полицейлер өзгенің велосипедін қолды қылған ер адамды анықтады

18:41, 5 шілде 2024

© Фото: zakon.kz

Полицияға велосипед ұрлау фактісі бойынша елорда тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, құны 152 мың теңге тұратын жоғалған екі дөңгелекті көлік кіреберістің алдында тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы ер адамды анықтады. Күдікті күндізгі уақытта оң жақ жағалаудағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан өтіп бара жатып, кіреберістің алдында тұрған екі дөңгелекті көлікке көзі түседі. Қылмыстық оймен ер адам өзінің әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, қауіпсіздік құлпын бұзып, велосипедті ұрлап әкеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!