Магистратураға түскісі келетін талапкерлер 8 шілдеге дейін өтініш өткізе алады

22:58, 4 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға құжат тапсырған талапкерлерге алдын ала ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде сағат 23:59-да аяқталады.

"Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Тіркелу барысында сіз тестілеудің орнын (қаланы) өзіңіз таңдайсыз. База жабылған соң тестілеу орнын ауыстыру мүмкін емес", делінген хабарламада.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 13 шілде талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болатыны да нақтыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!