Еліміздің үш өңірінде аптап ыстық сақталады: 5 шілдеге арналған ауа райы болжамы
![](https://mail.kz/images/4d1c0e3c031863ec75284dab203ea196-slider.jpg)
© Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы жұма, 2024 жылғы 5 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, күндіз:
- БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе өңірінің батысында ыстық ауа райы сақталады;
- БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
"Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлері әлі де антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", – дейді синоптиктер.
Сондай-ақ, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау өңірінің батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
"Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, ШҚО, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, батысында, Маңғыстау облысының да батысында төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:44, 7 шілде 2024
Көкшетау полицейлері есірткі қойып кетушіден 185 бума “синтетика” тәркіледі
-
11:34, 7 шілде 2024
Полицейлер Ұлттық домбыра күніне ерекше тарту жасады
-
11:26, 7 шілде 2024
Қырғызстанда турист құздан секіремін деп ажал құшты
-
10:52, 7 шілде 2024
Шымкентте төрт жасар бала үшінші қабат терезесінен құлап кетті
-
10:45, 7 шілде 2024
Әнші Әбдіжаппар Әлқожының ұсталған сәтінің видеосы тарады