БҚО-да 16 жасар бозбала өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Іс материалдары сотқа жолданды
![](https://mail.kz/images/c9019ef179755e8b05dae3e0bd23723f-slider.jpg)
© Сурет: Zakon.kz
Шыңғырлау ауданында әйел өліміне қатысты тергеу сегіз айға созылды. 16 жастағы күдікті жасады деген қылмыс 2023 жылдың 18 қазанында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының ақпараты бойынша, іс тек шілде айында ғана сотқа берілді.
"Оны мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Динара Гильманова қарайтын болады. Сотталушы кәмелетке толмаған болғандықтан, сот отырысы жабық режимде өтеді. Жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша айып тағылған", делінген хабарламада.
Басты сот талқысы өтетін күн әлі белгіленбегені де нақтыланады. Бұған дейін хабарланғандай, 16 жастағы бозбала БҚО-да өз анасын өлтірді деп күдікке ілінген. Ауыл әкімдігі аталған отбасының өте жақсы екенін, ешбір мүшесі есепке алынбағанын айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:40, 7 шілде 2024
Жетісу облысында бір уақытта 3 мың өнерпаз күй тартты
-
14:31, 7 шілде 2024
Мақпал Исабекова екінші рет ана атанды
-
14:16, 7 шілде 2024
Жетісу облысында екі ер адам көлікпен өзеннен өтпек болғанда ағыс алып кеткен
-
13:45, 7 шілде 2024
Тимофей Скатов Франциядағы жарыстың финалына шықты
-
13:21, 7 шілде 2024
Алматының 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алау газға қосылды