Амстердамда Жаңа жыл түні ғасырлық тарихы бар шіркеу өртеніп кетті
© Сурет: pixabay
Амстердамда 150 жылдық тарихы бар шіркеу отқа оранды. Қызыл жалын ғасырдан аса тарихқа ие ғимаратты күл етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
NL Times газетінің хабарлауынша, тарихи қала орталығына жақын орналасқан шіркеу өртенді.
От түн ортасынан кейін көп ұзамай тұтанған. Амстердам мэрі Фемке Халсеманың айтуынша, басты міндет жақын маңдағы тұрғындардың және олардың үйлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Төтенше жағдай салдарынан Вонделкерк шіркеуінің мұнарасы құлады.
Төтенше жағдайлар қызметі өрттен шыққан күл қала орталығына қарай ұшып жатқанын атап өтті.
Вонделкерк шіркеуі 1872 жылы салынған. Ол жүз жылдан астам уақыт бойы католик ғибадатханасы қызметін атқарвп келді. Соңғы уақытта ғимарат салтанатты іс-шараларды өткізу үшін пайдаланылып келген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!Тағы да оқыңыздар:
- 13:52, 1 қаңтар 2026
Financial Times газеті әлем бойынша 2026 жылға арналған болжамды жариялады
- 13:25, 1 қаңтар 2026
Жаңа жыл түні елімізде қанша сәби дүниеге келді
- 12:59, 1 қаңтар 2026
Қазақстанда 2026 жылы қандай халықаралық әуе рейстері ашылады
- 12:35, 1 қаңтар 2026
Жаңа жыл түні 102 байланыс желісіне 11 мыңнан астам қоңырау келіп түскен
- 11:50, 1 қаңтар 2026
Тәулігіне 210 шақырту: Жаңа жыл түні төтеншеліктер абыр-сабыр болды





