Жаңа жыл түні елімізде қанша сәби дүниеге келді

13:25, 1 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

Қазақстан перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша ұлдар мен қыздар теңдей түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың ішінде бір егіз Ақтөбе облысында дүниеге келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ең көп нәресте туған өңірлер: Түркістан облысы – 29 бала, Шымкент қаласы – 24, Астана – 22 және Алматы қаласы – 21.

Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады.

"Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді", делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Жаңа жыл түні 102 байланыс желісіне 11 мыңнан астам қоңырау келіп түскені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!