Полицейлер пойыз жолаушыларын жаңа жылмен құттықтады
© Сурет: polisia.kz
Көлік полицейлері Нұрлы жол - Алматы пойызының жолаушыларын жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешенінің өкілдерімен бірлесіп, Нұрлы жол – Алматы бағытында қатынайтын пойыздың жас жолаушыларын келе жатқан 2026 Жаңа жылмен құттықтады.
Тәртіп сақшылары балаларға тәтті сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл игі бастама тек балаларға ғана емес, пойыздағы ересек жолаушыларға да ерекше әсер қалдырып, шынайы қуаныш пен жылы лебізге толы сәттер сыйлады. Өз кезегінде жолаушылар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, денсаулық пен қызметтеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар көлік полицейлері жолаушыларға көлік инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары жөніндегі ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мереке күндері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теміржол және әуе көлігі нысандарында күшейтілген режимде қызмет атқару жалғасады.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа функциялар қосылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:04, 31 желтоқсан 2025
ҚР Қаржы министрлігі цифрландыру мен превентивті шаралары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде
-
16:55, 31 желтоқсан 2025
Үш құрлық пен 13 ел: Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер белгілі болды
-
16:48, 31 желтоқсан 2025
Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы жаңа ақпар тарады
-
16:36, 31 желтоқсан 2025
Жылдың алғашқы күніндегі қауіпті құбылыстар: 1 қаңтардағы ауа райынан не күтуге болады
-
16:22, 31 желтоқсан 2025
Әлем көшбасшыларының арасынан кімдер Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылымен құттықтады





