Жаңа жыл қарсаңындағы саудада доллар бағамы өсті

15:58, 31 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

2025 жылғы 31 желтоқсанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 505,53 теңгені құрап, 3,02 теңгеге қымбаттады.

Ресей рублі бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 72,12 теңге болды (+0,09).

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағамы 510,4–515,8 теңге, еуро – 591,9–601,9 теңге, рубль – 6,14–6,41 теңге деңгейінде қалыптасты.

31 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың наурыз айына арналған фьючерстері 0,3%-ға арзандап, бір баррелі 61,16 АҚШ долларын құрады.

Ақпан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың бағасы да 0,3%-ға төмендеп, баррелі 57,79 АҚШ долларына жетті.

Ал таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 502,57 теңге, еуроны – 591,68 теңге, рубльді – 6,42 теңге деңгейінде белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!