ҚР Қаржы министрлігі цифрландыру мен превентивті шаралары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде
© Сурет: freepik
Сыбайлас жемқорлық – атқарушы билікке деген сенімді төмендетіп, экономиканың дамуына кедергі келтіретін жағымсыз фактор. Қазақстанның Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды іске асырып, жаңа технологияларды енгізу мен алдын алу шараларына мән беріп келеді.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әлемдік тәжірибенің негізінде жолға қойылған. Яғни, қандай да бір заңдар мен шешімдерді әзірлеу кезінде министрлік басқа мемлекеттерде өз тиімділігін көрсеткен тәжірибелерді зерделеп, оны елімізде бейімдеуге басымдық береді.
Мәселен, ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысы стратегиялық жоспарларға сәйкес келесі бағыттар бойынша тұрақты негізде жүргізіліп келеді.
1. Превентивті шаралар
Қаржы министрлігінің орталық аппараты мен өңірлік деңгейде әдеп жөніндегі уәкілдер жұмыс істеп келеді. Олар ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" қағидаттары мен әдем нормаларын ұстанатын ортаны қалыптастыруға күш салады, сондай-ақ ведомстволық бағынышты ұйымдарда комплаенс-қызмет жолға қойылған.
Министрліктің бүкіл жүйесі бойынша мемлекеттік ұйымдардың мамандары мен қоғам өкілдерін тарта отырып, сыбайлас жемқорлық сын-қатерін жоюға бағытталған талдау жүргізіледі;
Уәкілетті қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дәрістер мен семинарлар өткізіп, видеосюжеттер көрсетіп, баспасөз басылымдары мен БАҚ-да мақалалар тұрақты түрде жарияланады.
Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің жұмысы да белсенді жүргізіліп келеді.
Бұдан бөлек превентивті шаралардың негізгі бағыты әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік беретін автоматтандыру мен цифрландыру арқылы адам факторын жұмыс процесінен арылтуды қамтиды.
Айталық, цифрландыру мемлекеттік қызметтердің кең спектрін қамтамасыз етумен қатар кез келген азаматтың шенеунікпен тікелей байланысының алдын алып, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын қоспағанда, барлық рәсімді бюрократиядан арылтып, ашықтықты нығайтады.
Бүгінде ведомствода мемлекеттік қызметтердің 92% электронды форматта көрсетіліп, келесідей салаларды қамтиды:
- салық және кедендік әкімшілендіру;
- мемлекеттік мүлік және жекешелендіру;
- мемлекеттік аудит және бухгалтерлік есеп.
Бұдан басқа министрліктің негізгі процестері автоматтандырылған, соның ішінде:
1. Бюджеттік өтінімдер берілген сәттен бастап мемлекеттік мекемелер деңгейінен бюджет бекітілгенге дейін республикалық бюджетті қалыптастыру "Мемлекеттік жоспарлау" АЖ арқылы жүзеге асырылады;
2. Бюджеттің атқарылуы және қазынашылық сүйемелдеу;
3. Электронды ішкі мемлекеттік аудит енгізілді;
4. "Мемлекеттік мүлік тізімі" веб-порталы арқылы мемлекеттік мүлікті бақылау;
5. Салық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде контрагенттер арасындағы мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз ететін тауарларды қадағалау жүйесі құрылды.
2024 жылы Қазақстан заманауи микросервистік архитектурада әзірленген Keden жаңа кедендік ақпарат жүйесін кезең-кезеңімен іске қосуды қолға алды. Бұл жүйенің икемділігін, жылдамдығын және сенімділігін арттырып, жаңа қызметтер мен технологияларды оңай қосуға мүмкіндік береді. "Астана-1" жүйесінде болмаған бірқатар жаңашылдық енгізілді: экспресс-жүктерді толық электронды декларациялау, алдын ала ақпаратты қайта енгізусіз транзиттік декларацияға автоматты түрде өзгерту, қоймада сақталатын тауарларды цифрлы есепке алу.
Keden АЖ өзара іс-қимылды жеңілдетіп, ашықтықты қамтамасыз етеді: қажетті кеңес беру, автотолтыру және деректерді автоматты түрде тексеру сервисі қосылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "бір терезе" қағидаты бойынша "интеграцияланған бақылау" модулі іске қосылды, онда кеден инспекторлары да, аралас қызметтер де жұмыс істейді. Жеке қолданысқа арналған тауарларды декларациялау цифрландырылды – енді жолаушылар e-Salyk azamat және Bank CenterCredit қосымшалары арқылы декларация тапсыра алады. "Қорғас" ХШЫО-да багажды ауыстыру процесі толығымен цифрландырылды. Face-ID енгізіліп, шекара қызметімен және салмақтық бақылаумен интеграция жасалды. Бұл ашықтықты арттырып, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетті.
Кедендік рәсімдерді толыққанды автоматтандыру үшін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және ішкі жүйелермен 45 интеграция іске асырылды.
Бүгінде декларацияны өткізудің түрлі тәсілдері бар: Салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), Веб-портал (Moldir.qoldau.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz) және Е-SALYQ azamat, eGov mobile және ЕДБ мобильді қосымшалары – Halyk, bcc.kz (Центркредитбанк), Каspi.kz.
6. Тиімділік пен ашықтықты арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
2024 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды (2025 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), онда келесідей шектеулер қарастырылған:
- Егер де әлеуетті қызмет көрсетуші (өндіруші) және (немесе) оның басшысы (басшылары), құрылтайшысы (құрылтайшылары) немесе ірі акционері бұған дейін сыбайлас жемқорлық жасаған болса, оған қатысты бұрын жасалған келісімшарттар бойынша мерзімі өткен және орындалмаған келісімшарттық міндеттемелер бойынша заңды күшіне енген сот шешімі шыққан жағдайда оның өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ;
- Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер қолданылатын тұлғалар тобы (құрылтайшы, ірі акционер және олармен үлестес тұлғалар) кеңейтілді;
- Заңда көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған жағдайда тапсырыс беруші келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны біржақты тәртіппен бұзуға хақылы;
- Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі енгізілді.
Қазір министрлік мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ сатып алу жүйесін біріздендіру бойынша жұмысты кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатыр.
Мәселен, жаңа Бірыңғай сатып алу платформасы негізінде мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларының интеграциясы қамтамасыз етілді.
Тікелей келісімшарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу көлемі айтарлықтай азайды. Олардың үлесі 2024 жылы 23 пайызға дейін төмендеді (2021 жылы 39 пайыздан). Осы тәсілді қолдануға мүмкіндік беретін негізгі қағидаттар 43 (46-дан) дейін азайтылып, қатаң бақылауға алынды.
Мүдделер қақтығысын болдырмау қағидаттары заңнамалық түрде бекітіліп, сатып алуға қатысуға шектеуі бар тұлғалар тобы кеңейтілді, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің бенефициарлы иелері туралы ақпаратты ашу бойынша талаптар енгізілді.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін де сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
Құқық қолдану практикасы мен экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік сатып алу тәсіліне байланысты шекті мәндер белгіленді.
Мемлекеттік сатып алуларға шетелдік үлестің қатысуы жөніндегі кедергілерді жоюға келсек, мынаған тоқтала кеткен жөн.
Белгілі жағдайларда режімнен алып тастау тетігін аспайтын белгілей ұлттық үшін және қолданыладыТұтастай алғанда, Қазақстан заңнамасында резиденттер мен бейрезиденттерге мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндік беретін тең жағдай қарастырылған.
2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру
Осы ретте Қаржы министрлігі ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескеріп, қоғамның сұранысына сай жетілдіріліп келе жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында қарастырылған міндеттерді іске асырып жатқанын айта кетейік.
Айталық, Ұлттық банк және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 4 салада (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, жолдарды салу және жөндеу, цифрлы ҚҚС) цифрлы теңгені қолдану бойынша қанатқақты жоба жүзеге асырылып жатыр.
АӨК, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, жолдарды салу және жөндеу салаларында жоба қатысушыларының цифрлы шоттарына эмиссия мен ақшалай қаражатты аудару бойынша операциялар жүргізілді.
Қанатқақты жоба өз тиімділігін көрсетіп, біз бұл жұмысты келесі жылы да ауқымды түрде іске асыратын боламыз.
Сонымен қатар МЖАЖ (мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі) шеңберінде бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау мақсатында ЖАО-дың ақпараттық жүйелерінде жобалардың іске асырылуын одан әрі қадағалау үшін Smart Bridge жүйесінде бюджет процесінің басқа да қатысушыларына сәйкестендіргіш құралдарды беру жөніндегі сервис орналастырылды.
Жаңа Салық кодексінде шығыстарды жеке тұлғалардың табыстарымен автоматты түрде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін камералды бақылау тетігі қарастырылған. Бұл амал бірінші кезекте жеке тұлғаның анықталған кемшілікті дербес түрде жоюына бағдарланған.
Тұтастай алғанда, Қаржы министрлігі мемлекеттік институттардың ашықтығын, есептілігін және оларға деген сенімді арттыруды көздейтін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған жұмысты жалғастыратын болады. Бұл мемлекеттің орнықты дамуының, заңдылықты нығайтудың және барлық азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып саналады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:44, 31 желтоқсан 2025
Еліміздің бірқатар өңірінде 5 қаңтардан бастап қасқыр мен шибөрілерді аулауға рұқсат етіледі
-
18:39, 31 желтоқсан 2025
Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады
-
18:29, 31 желтоқсан 2025
Халықаралық БАҚ өкілдері 2025 жылғы әлемнің үздік спортшыларын анықтады
-
17:59, 31 желтоқсан 2025
Қаңтардағы ҰБТ-ға қанша абитуриент өтініш білдірді
-
17:35, 31 желтоқсан 2025
Мейрам күндеріне арналған валюта бағамы - 1,2,3,4 қаңтар





