Financial Times газеті әлем бойынша 2026 жылға арналған болжамды жариялады

13:52, 1 қаңтар 2026

© Сурет: Х/SND_China

31 желтоқсанда Financial Times авторлары саясат, экономика және технология салаларын қамтитын 2026 жылға арналған жыл сайынғы өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы қорытындыны газет редакциясы келесідей сипаттайды: әлем 2026 жылы айтулы оқиғаларға толы болады.

"Алайда, технологиядан қаржыға дейінгі бірқатар асыра бағаланған бағыттар салқындау кезеңіне тап болып, бұрынғы бағаларды қайта қарауына тура келеді", делінген басылымда.

Саясат және геосаясат:

  • Дональд Трамп, FT бағалауы бойынша, жыл соңына дейін нарықтық қысымға, инфляцияға және сауда серіктестерінің қарсылығына байланысты ұстанған ең қатал тарифтік саясаттан бас тартады;
  • Украинаның Донбасстан бас тартуы әскери күйреу жағдайында ғана мүмкін, - дейді FT авторлары;
  • демократтар АҚШ Өкілдер палатасындағы басымдығын қайтарып алуы мүмкін, бұл оларға Трамптың күн тәртібіне қойған мәселелерге тосқауыл қоюға және тергеуді бастауға мүмкіндік береді;
  • Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге ықтияр танытпауы мүмкін;
  • Германия ультра оңшыл AfD айналасындағы саяси "санитарлық кордонды" сақтайды.

Экономика және қаржы:

  • орталық банктердің көпшілігі сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді жалғастырады. Жапония бұл процестен тыс қалады;
  • Қытай юаны рекордтық сауда профицитіне қарамастан айтарлықтай нығая қоймайды;
  • жеке несиелеу секторында дефолттар өсімі күтіледі, бірақ жүйелі қаржылық дағдарыс болмайды;
  • алтынның бір унциясының бағасы 5 мың доллардан асуы мүмкін;
  • Африка өсу қарқыны бойынша алғаш рет Азияны сәл басып озуы мүмкін.

Технология:

  • жасанды интеллект саласындағы қызып кету процесі жойылады: ірі технологиялық компаниялар тұрақтылықты сақтайды, ал венчурлық және кішігірім ойыншылар шығынға ұшырайды;
  • коммерциялық тұрғыдан тиімді кванттық компьютер күтілгендей, 2026 жылы пайда болмауы мүмкін;
  • гуманоидты роботтар нарыққа шығады, бірақ бағасы удай қымбат болады;
  • ЖИ көмегімен толықтай әзірленген ән әлемдік чарттарда көшбасшы бола алмайды.

Бизнес және нарықтар:

FТ болжамы бойынша, Tesla АҚШ, Еуропа және Қытайда жоғалтып алған позицияларын қайта қалпына келтіре алмайды;

Илон Маск классикалық автоөндіріске емес, жасанды интеллект пен роботаксиге басымдық береді.

"Өткен жылғы болжамдарымыз рекордтық деңгейде дәлдік таныта алмады", – деп мойындайды редакция.

2025 жылы болжанған 20 дүниенің жетеуі орындалмады. Бұл - жоба тарихындағы ең нашар нәтиже.

"Бұл бүгінгі таңда әлемнің дамуын болжау қаншалықты қиын екенін анық көрсетеді", – деп ескертеді Financial Times газетінің авторлары 2026 жылға арналған жыл сайынғы болжамында.

Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылы қандай халықаралық әуе рейстері ашылатынын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!