Жаңа жыл түні 102 байланыс желісіне 11 мыңнан астам қоңырау келіп түскен

12:35, 1 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Жаңа жылды тойлау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Түнде көшелер мен қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 желтоқсан таңынан 1 қаңтар таңы аралығында полицияның 102 жедел байланыс пультіне 11 448 өтініш түсті, оның ішінде 3 082-сі түнгі уақытта келіп түскен.

"Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. Азаматтар петардаларды пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың қайда орналасқанын нақтылады, сырғанақтарда адасып қалғандар туралы, сондай-ақ аулаларда дұрыс қойылмаған автокөліктер мен шығуға кедергі келтірген жағдайлар жөнінде хабарлады. Түскен барлық өтініштерге полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шараларды қабылдады. Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар тыныш өтті". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді.

Бұған дейін елімізде Жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілгені хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!