35°С-қа дейін аяз: Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болмақ
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Синоптиктер 2026 жылғы қаңтарға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Консультативті болжамға сәйкес, қаңтар айы жылы болады деп күтіледі. Республика аумағының барлығында айлық орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°С-қа жоғары болады.
"Айлық жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында болжанады. Нормадан көп жауын-шашын Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында, Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысы мен Жетісу облысының оңтүстік-шығысында күтіледі",- деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК мамандары.
Ай бойы қар жаууы, екпінді жел, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары ашық, аязды ауа райымен алмасып отырады.
Елдің батысында бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы -10…-18°С-қа дейін, күндіз -5…-12°С-қа дейін төмендейді. Кейіннен ауа температурасының әлсіз оң мәндерге дейін жоғарылауы күтіледі.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде түнгі ауа температурасы -10…-20°С-тан -3…-8°С-қа дейін, күндіз -12…-2°С-тан -5…+3°С-қа дейін ауытқиды.
Қазақстанның шығысында түнде ауа температурасы -2…-13°С-тан -10…-18°С-қа дейін, күндіз -6…+2°С-тан -2…-10°С-қа дейін болады.
Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -2…-12°С-тан -5…+5°С-қа дейін, күндіз -3…+8°С-тан +5…+10°С-қа дейін, ал елдің қиыр оңтүстігінде +15°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде суық ауа массаларының енуі кезінде түнгі ауа температурасының -25…-35°С-қа дейін, күндіз -15…-20°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы -5…+3°С-қа дейін көтеріледі.
Батыста суық толқындары кезінде түнде ауа температурасы -20…-27°С-қа дейін, күндіз -12…-19°С-қа дейін төмендейді. Айдың жекелеген күндерінде күндізгі ауа температурасының 0…+5°С-қа дейін жоғарылауымен жылымықтар болуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік жартысында түнгі ауа температурасы 0…-5°С-тан -10…-20°С-қа дейін, күндіз +2…+12°С-тан -3…-13°С-қа дейін ауытқиды. Үшінші онкүндіктің жекелеген күндерінде түнде ауа температурасы -20…-30°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-қа дейін төмендеуі болжанады.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 31 желтоқсан 2025
Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
-
16:11, 31 желтоқсан 2025
17 жастағы Дастан Сәтпаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті
-
15:58, 31 желтоқсан 2025
Жаңа жыл қарсаңындағы саудада доллар бағамы өсті
-
15:44, 31 желтоқсан 2025
Қазақстанда отшашу саудасы дүркіреп тұр
-
15:30, 31 желтоқсан 2025
Полицейлер пойыз жолаушыларын жаңа жылмен құттықтады





