«Ласковый май» тобының продюсеріне халықаралық іздеу жарияланды
© Сурет: Instagram/razin_andrei_lm
"Ласковый май" тобының продюсері Андрей Разинге аса ірі алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып, "Ласковый май" продюсеріне Ресейге экстрадицияланған сәттен немесе ұсталған кезден бастап екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлайды.
Сондай-ақ, халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты процеске қатысушылардың бірі растаған.
"Тергеуші мемлекетаралық іздеуден бөлек, Андрей Разинге халықаралық іздеу де жариялады", - дейді дереккөз.
Бұған дейін Разинге ақын Сергей Кузнецовтың ақшалай қаражатымен байланысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 31 желтоқсан 2025
Республикалық маңызға ие тағы бір тас жол ішінара жабылды
-
21:51, 31 желтоқсан 2025
«Тұман, боран, көктайғақ»: 1 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:52, 31 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген ел азаматтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
-
20:39, 31 желтоқсан 2025
Елорда тұрғындарының өтінішін қабылдайтын қосымша 1 қаңтардан бастап жұмыс істемейді
-
19:55, 31 желтоқсан 2025
Астана-Алматы тас жолы 1 қаңтарға дейін ішінара жабылады





