«Кері несие» және «сақтандыру»: алаяқтар Ақмола облысының тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
© Фото: Zakon.kz
Ең көп таралған алаяқтық схемалардың бірі "Қазпошта" АҚ жалған сәлемдемелері, сондай-ақ "банк қызметкерлері" деп аталатындардың "кері несие" ресімдеу және ақшаны "сақтандыруға" аудару талаптары болып қала береді.Мұндай алдаудың кезекті құрбаны Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны болды.
Өңірдегі ПД ақпарына сүйенсек, 25 желтоқсанда қыздың ұялы телефонына "Қазпошта" қызметкері болып өзін таныстырған белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Қоңырау шалушы оның атына келіп түскен сәлемдеме туралы хабарлады және "жеткізуді растау" үшін SMS-хабарламадан код айтуды сұрады. Қырағылығын жоғалтқан қыз талапты орындады.
"Қысқа уақыттан кейін өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған адамнан оған жаңа қоңырау келіп түсті. Жалған маман белгісіз адамдар оның атына несие алуға тырысып жатқанын және шот "алаяқтық шабуылда" екендігін хабарлады. "Ақшаны үнемдеу" үшін алаяқ жәбірленушіні шұғыл түрде "кері несие" рәсімдеуге және ақшаны "сақтандыруға" аударуға көндірді",- делінген ақпаратта.
Психологиялық қысымға ұшырап, шабуылдаушылардың нұсқауларына сүйене отырып, қыз 2 000 000 теңге көлемінде несиені өз бетінше рәсімдеп, барлық ақшалай қаражатты алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын екі дроппердің – адамдардың шоттарына аударды.
Тек екі күннен кейін, 27 желтоқсанда жәбірленуші полицияға арыз берді.
Өтініш түскеннен кейін бірден полиция қызметкерлері ұрланған ақша аударылған банктік шоттардың иелерін анықтады. Дропперлер Қызылорда және Маңғыстау облыстарының тұрғындары болып шықты.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Бұған дейін Ақтөбеде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 31 желтоқсан 2025
Үш құрлық пен 13 ел: Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер белгілі болды
-
16:48, 31 желтоқсан 2025
Мұрат Бисембиннің жағдайы туралы жаңа ақпар тарады
-
16:36, 31 желтоқсан 2025
Жылдың алғашқы күніндегі қауіпті құбылыстар: 1 қаңтардағы ауа райынан не күтуге болады
-
16:22, 31 желтоқсан 2025
Әлем көшбасшыларының арасынан кімдер Қасым-Жомарт Тоқаевты Жаңа жылымен құттықтады
-
16:22, 31 желтоқсан 2025
Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті





