Алматыда жел күшейіп, найзағай ойнайды: ТЖД ескерту жасады

16:47, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568913

© Фото: pexels

2026 жылғы 26 қыркүйек, сенбі күні Алматыда төтенше өрт қаупі жарияланды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) "Қазгидрометтің" дауылды ескертуіне сілтеме жасап Zakon.kz-ке хабарлады.

Мамандардың болжамынша, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз оның екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Іле Алатауының таулы аймақтарында, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күннің күрт суытатынын ескерткен. 2026 жылғы 25, 27 және 28 қыркүйекке арналған болжамға сәйкес, елде қар жауып, ауа температурасы түнде 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!