Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда әскерилердің қаза табуы: күдікті лауазымды тұлғалар анықталды
© Сурет: gov.kz
2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанның Бас прокуратурасы Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, оқиға орны қаралып, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Құжаттар мен бейнематериалдар алынып, 12 сараптама тағайындалған.
"Қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті бақылау мен шараларды жүзеге асырмаған, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған лауазымды тұлғалар анықталды. Бұл адамдардың қаза табуына әкелді", – деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокуратура тергеу барысында барлық күдіктінің әрекетіне толық құқықтық баға беріліп, оларға қатысты процестік шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олар жағалауда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Алғашында теңізге 19 әскери қызметшіні ағызып әкеткені хабарланған. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі бұл санды нақтылап, 17 адам екенін мәлімдеді.
Қазіргі мәлімет бойынша, 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Құтқарылғандардың бірі ауруханада жатыр.
Әскери қызметшілердің қаза табу себептерін анықтау үшін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 26 қыркүйек 2026
Астанада балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтеруіне қатысты іс тергеліп жатыр
-
11:49, 26 қыркүйек 2026
Ескекші Дмитрий Холмогоров Азиада-2026 ойындарында қола жүлде жеңіп алды
-
11:01, 26 қыркүйек 2026
Азиада-2026: Қазақстан байдарка мен каноэде ескек есуден үшінші орын алды
-
10:50, 26 қыркүйек 2026
Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты
-
10:19, 26 қыркүйек 2026
Жаңаөзен әкімі ауысты





