Тоқаев қытайлық компанияның Алматыда роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарын қолдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.
Президент еліміз аталған компанияның Қытайдан тысқары жердегі алғашқы өндіріс алаңы болатынын айтты. Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр.
Кездесуде білім саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, UBTECH пен Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары және колледждері арасында жүйелі ықпалдастық орнату мүмкіндігі қаралды. Бұдан бөлек, бірлескен құзырет орталығын құру ұсынылды. Осы бастама аясында қазақстандық мамандар компанияның зерттеу және өнім әзірлеу қызметіне қатыса алады.
Сонымен қатар UBTECH технологияларын Alatau City жобасына жан-жақты енгізу, тау-кен, мұнай-газ салаларында және ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану мәселелері қарастырылды.
Чжун Юн цифрландыру және жасанды интеллект салаларына ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Бұл бағыттарда Қазақстан елеулі табысқа қол жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ UBTECH өкілі елімізде ашық, инклюзивті әрі нақты нәтижеге бағдарланған даму ортасы қалыптасқанын жоғары бағалады. Оның пікірінше, бірлескен жобаларды жүзеге асыру ынтымақтастық аясын кеңейтуге және цифрлық технологияларды енгізуге тың серпін береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:39, 25 қыркүйек 2026
Маңғыстауда қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қалай көмек көрсетіледі
-
18:27, 25 қыркүйек 2026
Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды
-
18:16, 25 қыркүйек 2026
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді
-
18:13, 25 қыркүйек 2026
26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
-
18:00, 25 қыркүйек 2026
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады





