Гимнаст Милад Карими Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

17:35, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568924

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз кермедегі жаттығудың финалында сынға түсті.

Милад ақтық бәсекеде төрешілердің шешімімен 13.666 ұпай еншілеп, төртінші орынға ие болды.

Қытайлық Тянь Хао алтын жүлдегер атанды – 14.700. Жапониялық Синноскэ Ока күміс медальға ие болды – 14.033. Ал Карлос Юло (Филиппин) үздік үштікті түйіндеді – 13.666.

Айта кетейік, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығулардың финалында күміс жүлде алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!