«Күн райы күрт бұзылады». Еліміз бойынша 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 25 қыркүйекте, жұмада Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ метеорологтардың мәліметінше, түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде тұман түседі.
Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұратыны болжанады.
Бұл ретте бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі: Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстары және Абай облысының жекелеген аудандарында;
- төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай облысының жекелеген аудандарында.
Бұған дейін синоптиктер еліміздегі үш ірі қала бойынша алдағы үш күнге (25-27 қыркүйек) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:29, 24 қыркүйек 2026
Павлодарда күш қолдану арқылы адамдардан ақша бопсалаған алты күдікті ұсталды
-
19:04, 24 қыркүйек 2026
Елімізде 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
-
18:51, 24 қыркүйек 2026
Алмас Исаков ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
-
18:42, 24 қыркүйек 2026
Алматыда гипермаркет тұрағындағы жол апаты: Golf тоқтай алмай, елді дүрліктірді
-
18:08, 24 қыркүйек 2026
Ұлытау облысында полиция заңсыз граффитиге қарсы жұмыстарды күшейтті





