Алматыда 25 тамыздан бастап электрсамокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады
© Фото: Zakon.kz
Алматыда электрсамокаттарды пайдалану бойынша енгізілген жаңа талаптар түсіндірілді. Полицияның мәліметінше, жеке мобильділік құралдарын басқаруға қатысты жаңа нормалардың сақталуы арнайы әзірленген жүйе арқылы бақыланады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жалға берілетін электрсамокаттарды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа талаптар күшіне енді. Алматы полиция департаментінде өткен брифингте электрсамокаттарды пайдалануға қатысты Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер мен оларды қала жолдарында қауіпсіз пайдалануды бақылау тәсілдері таныстырылды.
Жаңа талаптарға сәйкес, электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады. Сонымен қатар жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға электрсамокат басқаруға рұқсат етілмейді. Бұл нормалар биылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полицияның хабарлауынша, аталған талаптардың сақталуын бақылау Алматы полиция департаментінің қызметкерлері рейдтік, профилактикалық және нысаналы іс-шаралар барысында жүзеге асырады.
Сондай-ақ кикшеринг компанияларының жүйесі жүргізуші куәлігі жоқ пайдаланушылардың электрсамокатты жалға алуына жол бермейтіндей етіп бейімделеді.
Полицияның мәліметінше, тексеру жалға беру сервисінің жүйесі арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды





