Қытайда ҚазҰУ филиалы ашылады
© Фото: Zakon.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы Қытайдың Сучжоу қаласында орналасқан Сучжоу университетінде ашылады. Тиісті келісімге Қазақстан-Қытай жоғары технологиялық компанияларының дөңгелек үстелі аясында қол жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Меморандумға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев пен Сучжоу университетінің ректоры Чжан Цяо қол қойды. Жоспар бойынша алғашқы оқу жылында үш білім беру бағдарламасы бойынша студенттер қабылданады. Атап айтқанда, электротехника және жасанды интеллект бағыттары бойынша мамандар даярлау жоспарланған. Әр білім беру бағдарламасына 100 студенттен қабылдау көзделіп отыр.
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының Қытайда ашылуы – біз үшін үлкен тарихи оқиға. Бүгінде Қытай тарапынан университетімізге деген қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да 7 мыңға жуық шетелдік студент білім алса, олардың 2 200-ге жуығы Қытайдан келген жастар. Бұл Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне деген сенім мен қызығушылықтың жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетеді", – деді ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.
1900 жылы негізі қаланған Сучжоу университетінде бүгінде 60 мыңға жуық студент білім алады. Университет құрамындағы 37 факультетте 5 мыңнан астам профессор-оқытушы қызмет етеді.
Жоғары оқу орны QS Asia University Rankings рейтингінде 114-орында тұр. Сучжоу университеті Қытайдағы заңгерлік білім беру жүйесінің дамуына, жоғары білікті магистрлер даярлауға және ғылыми зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосып келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 7 тамыз 2026
Полиция елдегі барлық жүргізушіге жолдағы маңызды ережені еске салды
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды





