Алматыда ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі: қала көшелеріне су себіледі
© Сурет: pexels
Алматы билігі аптап ыстықтың салдарын азайту үшін бірқатар шара қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалада көшелерді суару және ауаны ылғалдандыру (аэрация) жұмыстары ұйымдастырылады.
Әкімдіктің мәліметінше, "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, 16–20 шілде аралығында Алматыда аптап ыстық болады.
"Ауа температурасы кей жерлерде +42 градусқа дейін жетіп, биыл алғаш рет +40 градустан асады және климаттық нормадан едәуір жоғары болады. Осыған байланысты көше-жол желісін күтіп ұстау және қалалық аумақтарды қосымша салқындату шараларын күшейту туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы.
Осы кезеңде магистральдық көшелер мен жаяу жүргіншілер көп жүретін аумақтарда суды ауаға бүркіп, жолдарды суаратын (аэрация жүргізетін) 16 арнайы техника колоннасы жұмыс істейді. Жұмыстар тәуліктің ең ыстық уақытында жүргізіліп, қаланың 128-ден астам көшесін қамтиды.
Сонымен қатар жолдарды, тротуарларды, аялдама павильондарын және басқа да қалалық инфрақұрылым нысандарын жуу үшін 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.
"Аэрация мен көшелерді суару жол жамылғысының маңындағы ауа температурасын төмендетуге, шаңды азайтуға, асфальттың қызып кетуінің алдын алуға және аптап ыстық кезінде жол жабындысына түсетін температуралық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті басқармада.
Бұған дейін редакция Алматыдағы көшелерді суару және ауаны ылғалдандыру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көрсеткен болатын.
Синоптиктердің болжамынша, 18 шілдеде Алматыда ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:56, 16 шілде 2026
«Қазгидромет» Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады
-
09:47, 16 шілде 2026
Алматыда маңызды автобус бағытының қозғалыс сызбасы 16 шілдеден бастап өзгерді
-
09:38, 16 шілде 2026
Алматыдағы LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде қозғалысқа шектеу қойылды
-
09:24, 16 шілде 2026
Қазақстанда 700-ден астам қатесі бар мектеп оқулықтары жаңартылады
-
09:03, 16 шілде 2026
Қазақстанда суару арналарына автоматтандыру жүйесі енгізілуде





