Енді Қазақстанда жол ережесін бұзған шетелдік жүргізушілер айыппұлдан жалтара алмайды
© Фото: pexels
Жетісу облысы прокуратурасының бастамасымен Қазақстан Республикасының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзған шетелдік мемлекеттік тіркеудегі автокөліктердің жүргізушілерін әкімшілік жауаптылыққа тартуға мүмкіндік беретін жаңа тетік енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін мұндай автокөліктердің иелерін анықтап, айыппұл төлеу туралы нұсқама тапсыру едәуір қиындық тудыратын. Соның салдарынан көптеген құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарып, ел аумағынан шығып кететін.
"Бұл мәселені реттеу үшін облыс прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қажетті ақпарат алмасуды жолға қойып, өзара іс-қимылдың бірыңғай тәртібін енгізді. Енді құқық бұзушылық анықталғаннан кейін көлік құралының иесі анықталып, айыппұл төлеу туралы нұсқама рәсімделеді, ал мемлекеттік шекараны қайта кесіп өткен жағдайда ол құқық бұзушыға табысталады. Төленбеген айыппұл болған жағдайда полиция қызметкерлері оны өндіріп алу шараларын қабылдайды". Жетісу облысы прокуратурасы
Атап өтілгендей, енгізілген тетік нәтижесінде шетелдік мемлекеттік тіркеудегі автокөліктердің 400-ден астам иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
"Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 28 млн теңгені құрады. Бүгінгі таңда 33 көлік құралының иесінен 1 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді". Жетісу облысы прокуратурасы
Аталған тетікті жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Облыс прокуратурасының бастамасымен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде, бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстаннан 200 млрд теңгені заңсыз шығарған қылмыстық схема ашылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 16 шілде 2026
Абай облысында «Семей орманы» орман алқабындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде
-
15:42, 16 шілде 2026
ҰБТ-дан кейін талапкерлер қандай мәселелер бойынша апелляцияға жүгінді
-
15:32, 16 шілде 2026
Қазақстанда демалыс күндері маңызды деректер базасының жұмысы уақытша тоқтатылады
-
15:24, 16 шілде 2026
Алматыда үш күн қатарынан +42 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
15:14, 16 шілде 2026
Маймылдың жаңа түрі табылды





