Министр ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекпен кездесті
© Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы негізгі ҰБТ-да ең жоғары 140 балл жинаған түлек Әсет Альтаирмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында министр талапкерді жоғары нәтижесімен құттықтап, бұл жетістік қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың, білімге деген ұмтылыстың нәтижесі екенін атап өтті.
"Бұл жетістік – табандылықтың, мақсатқа адалдықтың және үздіксіз еңбектің жемісі. Сенің нәтижең мыңдаған талапкерге үлгі болады деп сенемін. Алдағы студенттік өміріңе сәттілік, таңдаған мамандығыңда биік белестерді бағындырып, еліңнің дамуына үлес қоса беруіңе тілектеспін", – деді министр.
Кездесуге Әсетті қолдау үшін оның ата-анасы да қатысты. Министр оларға баласының білім алуына жағдай жасап, әрдайым қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, талапкердің жетістігінде отбасының тәрбиесі мен қамқорлығының орны ерекше екенін атап өтті.
Әсет Альтаир ҰБТ-ға дайындық тәжірибесімен бөлісіп, болашақ мамандығын таңдау туралы айтып берді.
Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир 2026 жылғы негізгі ҰБТ-да "Математика – География" пәндер комбинациясын таңдап, алғашқы мүмкіндігінде 140 балл жинады. Сонымен қатар ол "Үздік аттестат" иегері.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:02, 7 тамыз 2026
Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
-
19:52, 7 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:40, 7 тамыз 2026
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
-
19:28, 7 тамыз 2026
Алматы облысының тұрғыны әйелді аңдығаны үшін сотталды
-
19:04, 7 тамыз 2026
Алтынның бағасы қайтадан күрт өсті





