Қазақстандық балуандар Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Будапештте (Венгрия) күрес түрлерінен рейтингтік турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың алғашқы күні еркін күрестен алты салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының балуандары алты медаль жеңіп алды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Асыл Айтақын финалда Түркия өкілі Толга Озбекті жеңіп, алтын медаль иеленді. Осы салмақта Әділет Әлмұхамедов қола жүлдеге қол жеткізді.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалға дейін жетті. Алайда шешуші белдесуде Қытай балуаны Фэн Луға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Қола медальді Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) еншіледі.
Бүгін, 16 шілдеде, бозкілемге еркін күрестен 79, 92, 97 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелеріндегі балуандар шығады. Сонымен қатар әйелдер күресінің өкілдері де жарысты бастайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 16 шілде 2026
Қазақстан құрамасы U19 Азия чемпионатын бес алтын медальмен аяқтады
-
18:12, 16 шілде 2026
АҚШ Алматыдағы бас консулын ауыстырды
-
18:05, 16 шілде 2026
Қазақстанның 10 өңірінде 48 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
17:52, 16 шілде 2026
Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
-
17:41, 16 шілде 2026
Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды





