Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына арналған бірыңғай платформа пайда болады
© Сурет: akorda.kz
ҚХР бизнес өкілдерімен "дөңгелек үстел" форматында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізі жайлы тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент цифрлық логистиканы және әлеуеті зор көлік дәліздерін дамытқан жөн деп санайды.
"Қазақстан Қытайды Орталық Азиямен, Кавказбен, Таяу Шығыспен және Еуропамен байланыстыратын негізгі көлік-логистика хабы болуға тиіс. Бұл – біздің стратегиялық мақсатымыз. Қазір еліміздің аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол тасымалының шамамен 85 пайызы Қазақстан арқылы жүзеге асырылады. Соңғы он бес жылда мемлекет көлік және логистика инфрақұрылымын дамытуға 35 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Біз жаңа теміржол желілерін тартып, Транскаспий көлік бағыты, яғни, Орта дәліз арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігін арттырып жатырмыз". Мемлекет басшысы
Оның айтуынша, XXI ғасырда көлік дәлізінің бәсекеге қабілетін инфрақұрылымның сапасымен өлшеу жеткіліксіз.
"Қазір мұндай жобалардың табысты болуы, ең алдымен, деректер алмасу жылдамдығына, цифрлық ықпалдастық деңгейіне және логистиканың ашықтығына байланысты. Сондықтан біз халықаралық жүк тасымалына арналған бірыңғай цифрлық экожүйенің негізін қалап жатырмыз. Осы саладағы басты жоба – Smart Cargo платформасы. Бұл – кедендік, логистикалық және коммерциялық қызметтерді бір цифрлық ортаға біріктіретін бірыңғай цифрлық терезе. Басты мақсат – Еуразияның бірыңғай цифрлық көлік кеңістігін қалыптастыру. Бір сөзбен, деректер цифрлық желі арқылы қалай тез жіберілсе, тауарлар да шекарадан дәл сондай жылдам әрі тиімді өтетін кеңістік құруымыз керек". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның пікірінше, Қазақстан мен Қытай халықаралық сауданың тиімділігін арттыратын жаңа жаһандық стандарттарды бірлесіп орнықтыра алады.
"Қытайдың технология саласында жұмыс істейтін компанияларын, логистика операторларын және инфрақұрылым саласындағы инвесторларын осы ауқымды бастамаға белсене атсалысуға шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент аса маңызды минералдарды игеру саласын перспективті бағыт ретінде атады.
Ол Қазақстан стратегиялық ресурстардың қоры бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енетінін және халықаралық серіктестермен бірлесе қосылған құны жоғары өндірісті дамытуды көздейтінін мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 16 шілде 2026
Абай облысында «Семей орманы» орман алқабындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде
-
15:42, 16 шілде 2026
ҰБТ-дан кейін талапкерлер қандай мәселелер бойынша апелляцияға жүгінді
-
15:32, 16 шілде 2026
Қазақстанда демалыс күндері маңызды деректер базасының жұмысы уақытша тоқтатылады
-
15:24, 16 шілде 2026
Алматыда үш күн қатарынан +42 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
15:14, 16 шілде 2026
Маймылдың жаңа түрі табылды





