Алматыдағы LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінде қозғалысқа шектеу қойылды

09:38, 16 шілде 2026
MKZ: 1556375

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) құрылысына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы шектелді. Көліктің жүруін қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы (реверсивті) қозғалыс ұйымдастырылды.

"Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16–18 шілде аралығында жүргізіледі. Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы бетінде атқарылады. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады", – делінген хабарламада.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес берілді.

LRT желісінің бірінші кезеңі Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – "Алматы-2" теміржол вокзалы бағытымен өтеді.

Бұған дейін Төле би көшесінде ескі трамвай рельстерін бөлшектеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ дайындық жұмыстары кезінде көшеден тарихи олжа табылғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!