Теннисші Юлия Путинцева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін таласады

17:20, 16 шілде 2026
MKZ: 1556505

© Фото: zakon.kz

Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/8 финалда қазақстандық спортшы Армения өкілі Алина Чараевамен кездесті. Екі сетке созылған матчта Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін Маяр Шериф (Мысыр) пен Кэтлин Кеведо (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!