«Қазгидромет» Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

09:56, 16 шілде 2026
MKZ: 1556376

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін Қазақстанның екі ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтында жарияланған ескертуде айтылды.

"16 шілдеде Алматыда, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүру ұсынылады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 15 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматыда, сондай-ақ түнгі уақытта Өскемен мен Риддер қалаларында да болжанған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!