Алматы жүргізушілеріне ескерту: Брусиловский көшесінің бір бөлігі жабылады

17:00, 9 қазан 2026
MKZ: 1571506

© Фото: Zakon.kz

Алматыда орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған учаскеде жол жабынын төсеу үшін 2026 жылғы 10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 07:00-ге дейін автокөлік қозғалысы толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Жұмыстардың мерзімі ауа райына және жөндеудің технологиялық үдерісіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс Карты" қосымшаларында жарияланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!