Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті
© Фото: freepik
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артып жатыр. 2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады.
Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.
"Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады", – деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Тізілім кәсіпкерлердің өтінішін қарап, оның тиісті өлшемге сәйкестігін бағалайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссия шешімі негізінде қалыптастырылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 8 қазан 2026
Шымкентте спорттық атудан Гран-при кезеңі өтеді
-
22:02, 8 қазан 2026
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді
-
21:48, 8 қазан 2026
Тоқаеы ТМД мемлекеттері басшыларымен ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
-
21:10, 8 қазан 2026
Түркі мемлекеттерінің ортақ картасы жасалады
-
20:40, 8 қазан 2026
Алимент төлемеген ер адам бәс тігуге 4 млн теңге жұмсаған





