Түркі мемлекеттерінің ортақ картасы жасалады

21:10, 8 қазан 2026
MKZ: 1571330

© Сурет: gov.kz

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің картография саласындағы мекеме басшыларының Үшінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында түркі мемлекеттерінің аумақтарын бірыңғай ақпараттық кеңістікте көрсетуге мүмкіндік беретін жалпы түркі картографиялық базалық картасын әзірлеу мәселесі талқыланды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, жоба ТМҰ-ның Картография жөніндегі жұмыс тобы аясында әзірленген. Кездесуге қатысушылар жобаны одан әрі пысықтап, келесі отырыста ұсынуға келісті.

Ортақ картографиялық база түркі мемлекеттерінің аумақтарын бірыңғай негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба геодезия, картография, геоақпараттық технологиялар және кеңістіктік деректер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Кездесуде бұдан бөлек, географиялық атаулардың бірыңғай каталогын құру мәселесі де қаралды. Қатысушылар картография саласындағы цифрлық шешімдер мен тәжірибелерді өзара алмасудың маңызын атап өтті.

Тараптар ТМҰ Хатшылығы құрылымында Картография жөніндегі жұмыс тобының қызметін үйлестіретін мамандандырылған бөлімше құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің картография саласындағы мекеме басшыларының Үшінші кездесуінің Декларациясына қол қойылды.

Картография саласындағы мекеме басшыларының келесі, Төртінші кездесуі 2027 жылы Қырғыз Республикасында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!