«Жаңбыр жауып, күн суытады». Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
© Фото: zakon.kz
Алматыда сенбі мен жексенбідегі шуақты және құрғақ күндерден кейін жауын-шашын түсіп, ауа райы қайта салқындайды. Бірақ келесі апта соңына қарай күн қайта жылынады: +22°C. Алдағы аптаның толық ауа райы болжамын Zakon.kz сайтына синоптиктер ұсынды.
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, алдағы демалыс күндері мен аптаның басы жылы болады. Бірақ кейін жауын-шашын басталып, арты суыққа ұласады.
"Болжамды кезеңнің басында Алматыда ауа райы негізінен құрғақ әрі салыстырмалы түрде жылы болады деп күтіледі. Түнгі ауа температурасы +8...+13°C шамасында болады. Аптаның ортасында ауа райы өзгереді: күндізгі ауа температурасы +17...+19°C-қа дейін төмендеп, жаңбыр жауатыны болжанады", – дейді синоптик.
Сонымен қатар, оның айтуынша, кейін жауын-шашын тоқтап, аталған кезеңнің соңына қарай күндіз ауа температурасы +20...+22°C-ге дейін біртіндеп көтеріліп, қайтадан жауын-шашынсыз ауа райы оралады.
"Бүкіл кезең бойы солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді, аталған кезеңнің ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін күшейеді деп күтіледі", – дейді гидрометеоорталық өкілі.
Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 10-16 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:
- 10-11 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +20...+22°C.
- 12 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +17...+19°C.
- 13 қазан: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +17...+19°C.
- 14 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +19...+21°C.
- 15-16 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +20...+22°C.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 10 қазан, сенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:41, 9 қазан 2026
Президент Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды
-
18:37, 9 қазан 2026
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі
-
18:06, 9 қазан 2026
Жетісу облысында төбелес болып, оқушы бала көз жұмды
-
17:40, 9 қазан 2026
Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты
-
17:27, 9 қазан 2026
«Антициклон ығысып, күн қайта жылынады». Еліміз бойынша 10 қазанға арналған ауа райы болжамы





