Алматыда үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып, Prado-мен соқтығысты
© Сурет: видео скрині
Алматыда Солтүстік айналма жолында Орталық киім базары маңында Toyota Land Cruiser Prado мен үш дөңгелекті көлік соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол талғамайтын көлік Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сол сәтте қарсы бағытта қозғалған үш дөңгелекті көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.
Жол апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Полиция үш дөңгелекті көліктің тіркелмегенін анықтады. Сонымен қатар оның жүргізушісінің көлік басқаруға қажетті құжаттары болмаған.
"Қарсы жолаққа шығу сияқты өрескел жол ережесін бұзу қайғылы жағдайға әкеп соға жаздады", – деп хабарлады полиция.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 10 қараша 2026
«Ұрып-соғып, қорлаған»: алматылық әйел ерекше баласына балабақшада қысым көрсетілгенін айтты
-
22:08, 10 қараша 2026
Бірі тоқтап тұрған, екіншісі соғып кеткен: Алматыда екі автобус соқтығысты
-
21:59, 10 қараша 2026
Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты
-
21:13, 10 қараша 2026
Павлодар тұрғыны бейтаныс адаммен ішімдік ішіп, ауруханадан есінен айырылып шыққан
-
20:57, 10 қараша 2026
Тоқаев Мәскеуге барды





