Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

17:40, 9 қазан 2026
MKZ: 1571516

© Сурет: olympic.kz

Суға жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақыт нәтижесін тіркеп, 12-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіші арқылы Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты.

АҚШ өкілі Карсен Фостер алтын медаль жеңіп алды (3:37.39). Күміс жүлде бельгиялық Лукас Пьер А. Энвоға бұйырды (3:37.74). Ал Мэттью Колдуэлл (ОАР) үздік үштікті түйіндеді (3:40.95).

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.

Бұған дейін отандық үш таеквондошы Париждегі Гран-приге қатысқалы жатқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!