Ақтауда есірткі мен қаруды заңсыз сақтады деген күдікпен ер адам ұсталды

19:32, 8 қазан 2026
MKZ: 1571318

© Сурет: polisia.kz

1 қазанда Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталған азаматтың автокөлігін тексеру кезінде өсімдік тектес зат салынған төрт полимер пакет табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат есірткі құралы — салмағы 160 гр марихуана болуы мүмкін.

Күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында қойма бөлмесінен сыртқы белгілері бойынша атыс қаруына ұқсас зат табылып, тәркіленді.

"Есірткі құралдарын заңсыз сақтау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында күдіктінің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткі құралын — марихуананы қолданғаны анықталды. Оған қатысты заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды", – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!