Арқалықта грантпен оқып, басқа өңірлерде жұмыс істеген студенттер анықталды
© Фото: Zakon.kz
Арқалық қаласындағы екі колледжде жүргізілген тексеру барысында мемлекеттік грантпен күндізгі бөлімде оқи отырып, елдің басқа өңірлерінде қатар жұмыс істеген студенттер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арқалық қаласының прокуратурасы Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінде бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.
"Тексеру нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Атап айтқанда, жекелеген студенттер мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу нысанында білім ала отырып, басқа өңірлерде еңбек қызметін қатар атқарған. Бұл мемлекеттік қаржыландыру шарттарының бұзылуы болып саналады", – делінген хабарламада.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде бюджетке 3 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және білім алушылардың нақты контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:02, 25 қараша 2026
Қар неге үнемі ақ болмайды: «Қазгидромет» ауа райы туралы мифтерді жоққа шығарды
-
13:54, 25 қараша 2026
Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
-
13:43, 25 қараша 2026
Қазақстанда энергия үнемдеу талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолдану ұсынылды
-
13:32, 25 қараша 2026
Қазақстанда энергия үнемдеу талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолданылуы мүмкін
-
13:27, 25 қараша 2026
Сусынға немесе тағамға жасырын есірткі қосу: депутат спайкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды





