Жетісу облысында төбелес болып, оқушы бала көз жұмды
© Сурет: pixabay
Жетісу облысында оқушылар арасында төбелес болып, сегізінші сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде 2026 жылғы 7 қазанда Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Алмалы ауылында сегізінші сынып оқушысының көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болды. Марқұмның анасының айтуынша, жасөспірім сабақтан кейін қатарластарымен төбелескен, сол кезде ол пышақтан ауыр жарақат алған. Әйел төбелесті тоғызыншы сынып оқушысы шығарғанын айтады.
Өңірлік полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Алдын ала анықталғандай, сабақтан кейін сыныптастар арасында төбелес болған, соның барысында жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмды. Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді", делінген хабарламада.
Сонымен қатар мектеп қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін тағы бір іс қозғалды.
"Тергеу Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды", деп нақтылайды ПД өкілдері.
Айта кетсек, 2026 жылғы 25 қыркүйекте Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қаза тапқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:20, 9 қазан 2026
Алматыда алдағы демалыс күндері бірқатар көше уақытша жабылады
-
18:52, 9 қазан 2026
Тоқаев: Каспийді сақтауға әрі перспективті жобалардың пулын қалыптастыруға халықаралық деңгейде күш салу қажет
-
18:41, 9 қазан 2026
Президент Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды
-
18:37, 9 қазан 2026
Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі
-
17:54, 9 қазан 2026
«Жаңбыр жауып, күн суытады». Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы





