Қазақстандық үш таеквондошы Париждегі Гран-приге қатысады
© Сурет: olympic.kz
9-11 қазан аралығында Францияның Париж қаласында таеквондодан Гран-при сериясының соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, жүлделер мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы сапынан додаға үш таеквондошы қыз қатысады. 49 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева, 57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова, ал 67 келіден жоғары салмақта Назым Махмұтова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Париждегі жарыс осы маусымдағы Гран-при сериясының соңғы кезеңі болмақ.
Таеквондодан Гран-при финалы 27-29 қараша күндері Астана қаласында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 22 қараша 2026
Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды
-
12:06, 22 қараша 2026
«Реал» Ла Лига аясында қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетті
-
11:13, 22 қараша 2026
WTA 125 турнирі: Құламбаева екі аптада екі рет чемпион атанды
-
18:55, 21 қараша 2026
Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды
-
18:49, 21 қараша 2026
Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды





