Алматы облысындағы тағы бір жол учаскесі 10 шілдеден бастап ақылы болады
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 23 маусымда Көлік министрі міндетін атқарушының республикалық маңызы бар Бурылбайтал – Күрті автомобиль жолы учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы бұйрығына қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы I-б санатындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Бурылбайтал – Күрті учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Жүргізушілер мына балама бағыттармен қатынай алады:
- облыстық маңызы бар Сұңқар – Қаншеңгел – Топар – Құйған автожолы;
- Топар – Ақжар автожолы;
- Қонаев – Бақанас – Қараой автожолы;
- республикалық маңызы бар Қонаев – Күрті автожолы.
Ақылы жол учаскесі 1041-шақырымнан басталып, 1121-шақырымда аяқталады. Оның жалпы ұзындығы – 80 шақырым.
Автожолдың әр бағытта екі қозғалыс жолағы қарастырылған. Сонымен қатар, ақылы жолмен жүру тарифтері бекітілді.
Жолдың толық бағыты бойынша жол жүру құны:
- жеңіл автомобильдер үшін – кейін төлеу кезінде 0,0671 АЕК (290 теңге), алдын ала төлеу кезінде 0,0581 АЕК (251 теңге);
- 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – кейін төлеу кезінде 0,1699 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 0,1453 АЕК;
- 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – кейін төлеу кезінде 0,3354 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 0,2862 АЕК;
- 32 орыннан асатын автобустар мен жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар – кейін төлеу кезінде 0,5031 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 0,4270 АЕК;
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – кейін төлеу кезінде 0,6752 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 0,5746 АЕК;
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері, тіркемесі бар көліктер мен ершікті тартқыштар – кейін төлеу кезінде 0,8407 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 0,7155 АЕК.
Сондай-ақ, жеңіл автокөліктерден басқа көлік түрлері үшін жүк көтергіштігіне қарай ай сайынғы абоненттік төлем 2-ден 10 АЕК-ке дейін, сондай-ақ жылдық абонемент қарастырылған.
Жылдық абонементтің құны:
- жеңіл автомобильдер үшін – 1 АЕК;
- жүк көліктері үшін – 20-дан 100 АЕК-ке дейін.
2026 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге.
Бұйрық 2026 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:02, 30 маусым 2026
Балқаш маңындағы ақылы жолға қатысты өзгерістер енгізілді
-
10:52, 30 маусым 2026
Путинцева Уимблдоннан 50 миллион теңгеден астам сыйақы алды
-
10:46, 30 маусым 2026
Алматыдағы Тастақ шағынауданында екі көше біржақты қозғалысқа көшті
-
10:40, 30 маусым 2026
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды
-
10:34, 30 маусым 2026
Қайрат Нұртас Қырғызстанда шоу жасап, желіні жарды





