Ақтөбе облысындағы тас жолда шетелдіктер мінген автобус сынып, жолда қалды

11:31, 5 қараша 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар 2024 жылғы 4 қарашада "Самара-Шымкент" тас жолында 35 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ ақпаратынша, Ақтөбе облысы "Самара-Шымкент" тас жолында Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы бар автобус сынып жолда қалды.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.

Бұған дейін Алматыда бүгін, 2024 жылғы 5 қарашада сағат 10:00-де жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!